СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Су – табиғаттың ерекше жаратылысы, жердегі тіршілік негізі. Ол жер бетінің 75% (3 / 4) алып жатыр, және 3 түрлі жағдайда (сұйық, қатты және газ күйінде) болады. Ересек адамның ағзасында су 65% -ға жуық, ал сәбилерде -70 -83% болады. Су адам денесінде: қанда – 81%, бұлшық етте– 75%, сүйегінде – 20% құрайды. Ол электр өткізгіш, ауыз су ретінде техникалық және шаруашылықта кеңінен қолданылады.
Таза су адамның денсаулығына, өміріне жақсы әсер етеді, ал таза болмаса әр – түрлі уланудың, жұқпалы аурулардың себебі болуы ықтимал. Су адамды сауықтырады, шынықтырады, сонымен бірге қауіп – қатерге душар етуі де мүмкін. Судағы қайғылы жағдайлардың себептері: суда жүзе білмеу, аяқ – қолы тартылып қалу, ішімдік ішіп суға түсу, ересектердің бақылауынсыз балалардың суға шомылуы, су астына түсетін аппарат құралдарын қолдана білмеу, апатты жағдайда сабырлықты жоғалту және т.б.
Суда зардап шеккен адамға алғашқы көмек
Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда
шомылудың қауіптері
«Левтоспирозбен» ауырып қалу қауіпі бар. Бұл аурудың қоздырғыштары суда 150 тәуілікке дейін сақталады, адамның іш құрылыстарына жұғады, бүйрек жетімсіздігі әсерінен өлімге әкеп соғуы мүмкін. Ауру егеуқұйрық, тышқан және шошқа түскен суларда жұғуы мүмкін.
Үйректер жүзген тоқтау сулар көптеген жұқпалы ауру көздері болуы мүмкін, сальманеллез, дерматит, терінің ірінді аурулары т.б. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: іш – сузегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулік өмір сүреді.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Су – саналы түрде өзін ұстағанда және су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтағанда ғана, өмірдің қуанышы, рахаты, адамның денсаулығы, күші, көтеріңкі көңіл-күйі.