Жамбыл облысының аумағында гидрографиялық тұрғыдан 100-ден астам өзен мен 112 тоған орналасқан.
2026 жылғы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен, білім беру ұйымдарымен, жергілікті полиция қызметімен және өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын бекітілді (2025 жылғы 30 қыркүйектегі №205 қаулы). Қазіргі уақытта оларды белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылғы шомылу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Облыс әкімінің орынбасарымен бекітіліп, тиісті органдарға жолданды.
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында шомылу маусымына дайындық мәселесі қаралып, қорытындысы бойынша құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметі және волонтерлермен бірлесіп күнделікті профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі бекітілді.
Ағымдығы жылдың 1-ші маусымынан бастап облыс аумағында 6 стационарлы және 5 мобильді құтқару жасақтары тәуліктік кезекшілік атқарады.
Стационарлы посттар: Тараз қаласы: Аса мөлтек ауданында және Зербұлақ демалыс орнында, Шу, Жанатас, Қаратау, Майтөбе.
Мобильді құтқару жасақтары: Тараз қаласы: «Талас» өзені, Жуалы ауданы: «Теріс – Ащыбұлақ суқоймасы, Шу ауданы: «Андасбай» көпірі, «Тасөткел» суқоймасы, Талас ауданы: «Пионер» көлі.
Жыл басынан 422 рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ТЖД; ДП, ЖАО жалпы 1770 қызметкер рейдттік іс-шараларға жұмылдырылды және осы бағыттағы жұмыстарға 910 волонтер тартылды.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес, 2025 жылы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» 6 адамға хаттама толтырылып, 81 732 теңге айыппұл салынды, ал ағымдағы жылдың басынан бері 1 хаттама толтырылып, 43 250 теңге айыппұл салынды.
Халықтың назарын қауіпсіздікке аудару мақсатында, БАҚ-та келесі іс-шаралар атқарылды: 55 рет-теледидарда және 40 рет-радиода сөз сөйлеу ұйымдастырылды, әлеуметтік желілерді
331 мақала жарияланып, 8 брифинг өткізілді, баспа басылымдар 53, электронды ақпараттық агенттікте 4.
Су айдындарында профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында облыстың Төтенше жағдайлар департаментінде волонтерлік ұйымдардың жетекшілері мен үйлестірушілері қатарынан 30 тыңдаушы оқытудан өтті.
Демалыс және мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.
Су айдындарының қауіпті учаскелерінде 360 ескерту белгісі, 23 буй және 12 ақпараттық стенд орнатылды.