
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жыл басынан бастап олардың саны 200-ден асып кеткен, қаладағы тұрмыстық өрттердің санының өсуіне алаңдап отыр. Өрттерде 7 адам қаза болды, оның ішінде 2-уі бала. Ішімдік ішетін жерлерде тұруға, көршілерге де қиын. Өскемен қаласының ТЖБ инспекторлары және Полиция басқармасының қызметкерлері Защита ауданына кезекті рейдке шықты.
«Өрттердің себептері әртүрлі, алайда оның біреуі әлі күнге дейін «әлем сияқты, кәрі» - отпен абайсыз болу. Ол көптеген адами факторлармен сипатталады және де оның біреуі – ішімдікке салыну. Тұрғын үйлердегі көптеген өрттердің саны ішкіштердің кінәсінен болады. Ішімдіктің жауыздығы әсіресе төсекте шылым шеккен кезде қауіпті. Ішімідік ішкен адам ыңғайлы жағдайда тез ұйықтап кетіп, тұтанған темекі ұмытылып қалады. Одан басқа, өрттер пешпен жылытуды және электрқұрылғыларын қолданғандағы бұзушылықтардың себебінен болады», - деп айтты Өскемен қ. ТЖБ баспасөз-хатшысы Марина Лискова.
Рейд барысында қатысушылар Защита ауданындағы Тынышпаев және Корницкий көшелеріне, өрт туындау қаупі бар үйлерге, сонымен қатар үйлерінде өрт болған тұрғындардың үйлеріне барды. Көрініс өте жаман, әрбір үйдің аумағында шашылған қоқыс, жан-жақтың бәрі лас және көптен жиналмаған үйдің жаман иісі. Үстелде – жуылмаған ыдыс, стөл астында – ішімдіктің бос бөтелкелері. Үй иелері ішімдік ішіп өмір сүреді. Бөлмеде кез келге уақытта өртке әкеп соқтыратын, өрт қауіпсіздігі қағидаларының көптеген бұзушылықтары. Қалалық ТЖ қызметінің және полиция қызметкерлері үйдегі темекі иісіне назар аударды. Үйде шылым шегетіні көрініп тұр. Инспекторлар үйдегілерге – сөндірілмеген шылымнан баспанасыз қалу мүмкін екендігін түсіндірді. Ең жаман жағдай – өміріңнің қиылуы.
Рейд барысында бейәлеуметтік өмір салтымен өмір сүретін азаматтарға, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын түсіндірді, жаднамалар тапсырды.
«Бұзушылықтар сол бұрынғыдай, үйде жылыту пештерінің дұрыс еместігі. Оның жанында ағаш заттар үйіліп жатыр. Көбінесе үйлерде пеш алдындағы темір парақшалар болмайды. Әрине көптеген үйлерде электрсымдары өте нашар жағдайда, розеткалар және айырғыштар балқып кеткен. Тұрғындар жеке қауіпсіздігіне жауапкершіліксіз қарайды, ол олардың өліміне емес, алайда балаларының өліміне де әкеп соқтыратындығын түсінбейді», - деп мәлімдеді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының баспасөз-хатшысы Марина Лискова.
Тұрмысы нашар санаттағы азаматтар тұратын орындар ерекше есепте, сондықтан да бейәлеуметтік тұрғындар тұратын жерлерге рейдтер жүргізу жалғастырылады.
Өскемен қ. ТЖБ ақпараты