
09 қыркүйекте 18 сағат 28 минутта Куйбышев көшесінде өрт шықты. №7 ӨСБ өрт сөндірушілері келгенде жекеменшік тұрғын үйдің ауласында жалпы алаңы 2 шаршы метр болатын монша жайындағы шаруашылық құрылысы блогындағы қабырғаның, терезенің ағаштары, монша төбесі жанып жатқан еді. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: 1) пешті орнатқан және қолданған кезде ӨҚҚБ; 2) отпен абайсыз болу.
Өскемен қаласының ТЖБ мәліметі бойынша монша өрттері жекеменшік тұрғын үйлердегі өрттерден жиі болады. «Монша – өрттердің туындауына қатысты қауіпті құрылыс. Тіпті егерде адам өлімі болмасада, сол өрт кезінде иесіне үлкен материалдық және қаржылық шығын келеді. Бүгінгі күні құрылыстарды әзірлеу және ғимараттарды жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі сұрақтарына өте көп назар аударылады. Тұрақты түрде жану ошағын жоятын, құрылғының жаңа, жетілдірілген түрі жасалады. Алайда бұл шаралар да әсіресе монша сияқты өрт қауіпті құрылыстар туралы сөз болғанда, оттан жүз пайыз қорғауға мүмкіндік бермейді. Бұл сұрақта олардың ұсынылған өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауда, моншаны қолданатын адамдардың өздерінің сана сезімі басты роль ойнайды», - деп мәлімдеді Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз-қызметінде.
Монша өрттерінің жиі туындауының бірнеше себептері бар:
Моншада дұрыс қаланбаған пеш өрттердің туындауының негізгі себептері болып табылады. Кейбір кездерде өрт қауіпті жағдайдың туындауына, тіпті дұрыс салынған монша қыздырғышы да, оны дұрыс қолданбаған және қарамаған кезде әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндайды болдырмас үшін, монша мен пештерді өртке қарсы қағидаларды сақтаумен және технологияға сәйкес сапалы салу қажет, ал пеш пен түтіншыққышты тазалауды немесе жөндеуді үнемі жүргізіп отыру қажет. Егерде түтіншыққышта күйе көп жиналып қалса, онда ол өрттің себбеі болуы мүмкін.
Одан басқа, статистикалық мәліметтер, монша өрттерінің жартысынан көбісі пештер мен түтіншыққыштардың дұрыс емес жағдайынан, сонымен қатар оттықты дұрыс жасамауынан екендігін көрсетеді. Осы себептен жыл бойы белсенді түрде қолданылатын пештердің де, түтіншыққыштардың да моншада өртке қарсы қауіпсіздігі нормаларын сақтау аса өзекті болып табылады. Барлық нормаларды орындау туралы монша салу жобасын жасау кезеңінде қарау қажет.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты