Күршімдегі рейдтер

Күршімдегі рейдтер

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 30 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында мал азығын дайындау кезінде және жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт оқиғаларын алдын алу, адамдардың тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттану оқиғаларын алдын алу мақсатында, Күршім ауданының әлеуметтік осал топтарының тұрғын-үй секторында профилактикалық іс-шаралар өткізумен қатар, көп балалы және аз қамтылған отбасы топтарына улы газды анықтайтын дабыл қаққышты орнатуда. Жергілікті тұрғындар арасында жадынамалар таратып, ауылдық округ аумағындағы тұрғындар арасында санитарлық нормаларға сай қауіпсіздікті сақтап түсінік әнгімелесулер өткізуде.

Күршім ауданының ТЖБ