
Бүгін ШҚО ТЖД жазғы киім үлгісіне ауысуына байланысты саптық қарау өткізілді.
Азаматтық қорғау қызметкерлерінің дайындығын ШҚО ТЖД басшылығы жүргізді. Олар әрбір жетонның жеке нөмірлерінің, төсбелгілері және қызметтік куәліктері бар екендігіне, сондай-ақ нысанды киімнің сәйкестігіне көз жеткізді.
Осындай саптық қараулар Шығыс Қазақстан құтқарушыларының барлық аумақтық бөлімшелерінде өткізілді.