
2013 жылдан бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтілуде.Осы жылы ол 13 қыркүйекте атап өтіледі. Отбасы күні, сондай-ақ Қарттар күні қарсаңында Семей құтқарушылары 50 жылдан артық бірге өмір сүрген Владимир Дмитриевич пен Анна Федоровнаға, Дубининдер отбасына құрмет көрсетті.
Отбасы басшысы Владимир Дмитриевич отбасылық өмірдегі ең бастысы –даналықты, шыдамдылықты және әрине бір-біріне деген махаббатты сақтау деп ойлайды. Ал жұбайы Анна Федоровна өмірге деген мейірімді қарым-қатынаспен кез-келген қайғы мен қуанышты жеңуге болады деген ойда. Қазір Владимир Дмитриевич 85 жаста,ол тыл еңбеккері. Анна Федоровна 75 жаста,үлкен педагогикалық еңбек өтілі бар.
Олар екі бала өсірді: қыздары Наталия мейірбике болып жұмыс жасайды, ұлдары Дмитрий теңіз флотында еңбек етеді, қазіргі уақытта екеуі де Ресейде тұрады. Бөлімше іс-шарасына Семей қаласы өрт сөндіру қызметі Жасағының бастығы Тлеубаев Аслан Мелисович, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Муслимова Лариса Дмитриевна қатысты.
Аслан Мелисович отбасылық ардагердің отбасылық жұбын шын жүректен Отбасы күнімен, сондай-ақ келе жатқан Қарттар күнімен құттықтап, оларға махаббат және адалдық тіледі. Бүгінде олардың отбасылық жұбы жас отбасылар үшін даналықтың және өзара түсіністіктің ашық мысалы екендігін атап айтып өтті.
Аслан Мелисович және Лариса Дмитриевна отбасылық жұпқа сыйлықтар мен ақшалай конверт тарту етті.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ