
Жазда және күзде адамдардың көбісі суық маусымға дайындалуды және пешті ретке келтіруді көп ойлана бермейді. Алайда қыс кезеңіне пешті бүгіннен бастап дайындау қажет. Оны қалай дұрыс жасау керек? Міне, Өскемен қаласының ТЖ басқармасының мамандары былай кеңес береді. Жылыту пешінің ішін және сыртын мұқият қарау, күйіктердің және бөліктері мен оттық алды парақшасында басқа зақымданулардың жоқтығына көз жеткізу керек, қажет болған жағдайда түтін шығатын құбырды және жылыту пешінің өзін сылау қажет. Жылыту маусымы басталар алдында пештер мен түтіншыққыштарды күйеден тазалуды жүргізу қажет, ол уақтылы 3 айда 1 рет жүргізілуі тиіс.
1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны балалардың қарауына қалдыруға болмайды;
2) отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды оттық алдына қоюға;
3) пешті жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) оған арналмаған отынмен, пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға болмайды;
5) жайда жиналыс және басқа жаппай іс-шаралар өткізу кезінде пешті жағуға болмайды;
6) түтіншыққыш ретінде желдеткіш және газ арналарын қолдануға болмайды;
7) пешті қатты қыздыруға.
Өрт кезінде шұғыл түрде 101 немесе 112 өрт қызметі телефондарына хабарлаңыздар.
Суық түскенге дейін әлі уақыт бар – өз пештеріңізді дайындаңыздар – ол Сіздерге суық қыста қауіпсіз жылылық сыйлайды.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты