«Көйлекте» туды

«Көйлекте» туды

«Көйлекте» туды, тек осылайша 7 қыркүйекте  Алтай қаласындағы 8 Наурыз көшесі бойымен  болған оқиғаны сипаттауға болады. Азаматша 16.15 сағатта монша пешін жақты, 20 минуттан кейн моншадан қара түтін шығып тұрғанын байқады, моншаның кіреберісіндегі ішкі  қаптауы жанып кетті. Қою түтін көріп қалған көрші көмекке тез арада келіп қалды. Үй иесі отты сөндіру үшін ер адамға сумен құбіршекті қолына ұстатты, тек лезде моншаның қасындағы жалғастыра салынған жерде тұрған газ баллоны жарылды. Сол уақытта «көмекшінің» арқасына шатырдан ыстық темір қалаңтыр құлап, ер адам күйіп қалды. Тез арада жедел медициналық көмек шақырылып, зардап шеккен Алтай қаласының стационардың қабылдау бөліміне жеткізілген болатын. Дәрігерлер келесі диагноз қойды:арқа, мойын күйгі 17%, 1,2 дәрежелі. Бірақ ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өрт сөндірушілердің келуіне дейін моншаға жалғастыра салынған жерден 2-ші газ баллоны шығарылған болатын. Қуанышқа орай газ баллоны жарылып үлгерген жоқ. Өрт ауданы 20 кв.м. құрды. Алдын ала себебі- жылыту пештің пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы.

Алтай ауданының ТЖБ