
Өскемен қаласының № 7 ӨСБ аға өрт сөндірушісі Асылан Бекенов 2016 жылдан бастап Төтенше жағдайлар саласында қызмет атқарып келеді.
Ол өз кәсібін өте жақсы көреді және оны ең абыройлы мамандықтардың бірі деп санайды.
Асылан Марқакөл ауданындағы табиғи өрттерді сөндіруге қатысып, бірнеше күн бойы әріптестерімен бірге орман аймағын қорғауға қатысқан.
"Менің қарауылым - менің екінші отбасым. Өйткені, әріптестеріммен бірге өртке барған сайын, оларға өз өміріңді сеніп тарсырасың. Бұл бір жағынан қорқынышты болып көрінгенімен, бір жағынан сен осы мамандықты азаматтардың қауіпсіздігі үшін таңдағаныңды түсінесің", - деп атап өтті азаматтық қорғау сержанты Бекенов. "Орман өрттері әрқашан есте қалады. Әсіресе, өрт ағаштардың төбесіне өтіп санаулы минут ішінде жылдам тараған кезде. Жетуге қиын жерлердегі орман өрттері де жиі болып тұрады. Ыстық күн, бағыты өзгеріп отыратын жел өрттің таралуына ықпал етеді".
Асылан бірнеше рет адам құтқаруға да шыққан. "Михаэлис көшесіндегі өрт есімде. Түтінге толы пәтердің ішінде ер адамды таптым, оны қолмен көтеріп пәтерден алып шықтым. Лайықты мамандық таңдағанымды түсінемін. Менің отбасымда мен бірінші өрт сөндірушімін және менің туыстарым мұны мақтан тұтады деп ойлаймын"
Қызметтен бос уақытын Асылан кішкентай баласына, жас отбасына және спортқа арнайды.
Әріптестері Асыланды батылдығы мен жауаптылығы үшін құрметтейді, ол әрқашан өзінің өрт сөндіру бекеті үшін алаңдайды және жолдастарына көмекке келеді.