
2020 жылғы 07 қыркүйекте Семей қаласы әкімінің орынбасары Қ.С. Әділбаевтын төрағалығымен, Семей қаласының ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.К. Байбуровтың, қалалық ТЖ комиссия мүшелерінің қатысуымен (Google Meet платформасымен бейнеконференция режимінде), қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста, алдағы күзгі-қысқы кезеңнің маңызды және қажетті мәселелері қарастырылды: 2020-2021 жылдардың күзгі және қысқы мезгілдерге тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандардың тұрақты жұмыс жүргізуіне дайындығы; 2020-2021 жылғы қысқы мерзімінде автокөлік жолдарын қалыпта ұстау жұмыстарын күшейтуге қолданылған шаралар; өнірдегі сыртқы өртке қарсы су көздерінің жағдайы; тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша, Семей аумағының, халықты қорғау жөңіндегі қажетті шараларды қабылдау мақсатында, жауапты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға алдын алу шараларын орындау және жүргізу үшін қажетті ұсыныстар берілді.
ШҚО ТЖД Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы