
Өскемен қаласының тұрғын секторында өрттердің алдын алу бойынша профилактикалық аралаулар жүргізіледі.
ТЖ қызметі мамандарының аса назарында – тұрмысы нашар және көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер. Рейдке қатысушылар осы іспеттес шаралар қажет деп санайды. Күнделікті істе және тіршілікте адамдар кейкездері қауіпсіздік қағидаларын бұзушылықпен қолданылатын, дұрыс емес жылыту пештері немесе электрқыздырғыш құрылғыларына назар аудармайды. Ал құтқарушылар, бұзушылықты көріп, оны үй иелеріне көрсетеді, оның салдары неге әкеп соқтыратындығын түсіндіреді. Қалалықтарға негізгі өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске салды, қаладағы өрттер мен қандай бұзушылықтар оның себептері болғандығын айтты. Қай кезде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың көмегі қажеттігі, өрт немесе басқада тұтқиыл жағдайларда қайда қоңырау шалу керектігі, қызметтерді шақыру телефондары көрсетілген, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалар таратылды.
Өскемен қаласының ТЖБ ескертеді:
- желіге қосылған электрқұрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- дұрыс емес қыздырғыштарды қолданбаңыз;
- пештердің жағдайын қадағалаңыз;
-балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
- төсекте жатып шылым шекпеңіз, әсіресе мас күйде.
Қағидалар өте қарапайым, оны сақтау ешқандайда қиын емес, алайда оны сақтамаудың салдарын жою кей кезде мүмкін болмайды.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты