
Алтай ауданына келген ҚР ТЖМ Қ. Қайсенов атындағы № 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде - арықтар мен су өткізу құрылыстарын тазартуда.
Аталған жұмыстар су басудың алдын алуға және елді мекендерді қорғауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда 3 000 метрден астам арық жүйесі, 50 метр көпір, 22 су өткізу құрылыстары тазартылды.