ШҚО-да мұз кептелісіне қарсы жарылыс жұмыстары жүргізілді

ШҚО-да мұз кептелісіне қарсы жарылыс жұмыстары жүргізілді

Күршім өзенінде Теректі-Бұлақ ауылының маңында профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Мұзды ұсақтау 14040 шаршы метр аумақта жүзеге асырылды. Бұл кептелістердің пайда болуын болдырмауға, өзендердің өткізу қабілетін жақсартуға және елді мекендерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылар тобы қойылды.

Шығыс Қазақстанда өзендерге тәулік бойы мониторинг жалғасуда, мамандар су тасқынынан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.