Семейде шөбі бар КамАЗ өртенді

Семейде шөбі бар КамАЗ өртенді

14:10-да 41-ӨСБ және 2-МӨСБ өрт орнына шықты. 10 тонна шөп тасыған «КамАЗ»  автокөлігі Водная көшесінің бойында Восход кентінде жанып кетті. Келген кезде ашық жалынмен КамАЗ және шөп өртеніп жатты.Өрттің ауданы шамамен 30 шаршы метрді құрайды.Қосымша 2-МӨСБ мен 11-ӨСБ-нің күштері мен құралдары жіберілді.         

       Бақытымызға орай ешкім зардап шеккен жоқ. 15:01-де өрт ауыздықталды.  Қазіргі уақытта өрттің шығуының себептері анықталуда.

 

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ