
Бүгін шұғыл қажеттілікке байланысты, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардың асқынуларын болдырмау мақсатында 1959 ж.т. ер адамды жеткізу үшін ТЖМ әуе кемесі жұмылдырылды.
ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауржан Бутенбаев зардап шеккенді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Күршім ауылынан Өскемен қаласына тасымалдауын жүзеге асырды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жүргізуші медициналық мекемеге аман-есен жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.