Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол берген жоқ

Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол берген жоқ

Бүгін Өскемен қ. Ярославская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласындағы гараждан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер келген кезде гараж бен оның ішіндегі автокөліктің жанып жатқаны анықталды. Жағдайды бағалай отырып, құтқарушылар дереу салқындату үшін оқпан беріп, жақын тұрған шаруашылық құрылыстарды қорғауға кірісті.

 Өрт 12 шаршы метр алаңда жойылып, жақын орналасқан құрылыстарға таралуына жол берілмеді.