
Бүгін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауыржан Бутенбаев санитарлық рейсті орындады. МИ-8 тікұшағы шұғыл медициналық эвакуациялау үшін Абай облысына ұшып кетті.
Әйел Абай облысының Мақаншы ауылынан Өскемен қаласына сәтті жеткізіліп, емдеу шараларын орындау үшін дәрігерлерге тапсырылды.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипаждары шұғыл госпитализацияға қажет ететін адамдарға көмек көрсету бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастыруда және жергілікті жердің күрделі рельефінде, әртүрлі ауа райы жағдайларында ұшуға дайын.