
2020 жылдың өткен аптасында Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері және Озерка ауылдық округтерінде жем-шөп дайындау орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескерту жұмыстары өткізілді.
Ескерту жұмыстарын өткізу барысында жем-шөптердің дұрыс сақталуына, маялардың ара-қашықтығына, ауыл-шаруашылық техникаларының жағдайына, жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылмауына аса көніл бөлінді.
Сонымен қатар өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты дәріс оқылып, нұсқамалар таратылды.
Семей қ. ТЖБ инженері азаматтық қорғау
капитаны А.Е. Самтиров