
Семейліктер шұңқырға құлап кеткен атты шығарып алды.Жағдай 07 қыркүйек күні таңертен Лиственная көшесінде орын алды. Құтқарушыларға көмек сұрап қала тұрғыны жүгінді: ат шұңқырға құлап кетті,өздігінен шыға алмайды. Оқиға орнына Семей қаласы Жасағының 2-МӨСБ қызметкерлері шықты.
Құтқарушылар жануардың денесін байлап, апаттық-құтқару автокөлігінің манипуляторының көмегімен алып шықты. Құтқару операциясын өткізу үшін 15 минут уақыт қажет болды, жануар зардап шеккен жоқ, ветеринарлық көмеккке мұқтаж болмады,және оны иесіне тапсырды.
Бұл осындай алғашқы жағдай емес, 2019 жыл бойынша ғана құтқарушыларға қиындыққа ұшыраған жануарларды бірнеше рет құтқаруларына тура келді. Сәуір айында Бобровка кентінде тұрғын үй маңында тереңдігі 2 метр болатын ескі жертөледен құтқарушылар құлап кеткен сиырды шығарып алды.Дәл сол жылдың маусым айында құтқарушылар қала көшелерінің бірінде тағы да ашық құдыққа құлап кеткен атты құтқарды. Дәл сол айда ашық тұрған люкке құлап кеткен итті шығарып алды.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ