
Өскеменде өрттердің алдын алу және азаматтар өлімінің профилактикасы мақсатында ТЖБ қызметкерлері ШҚОФ «Jas Otan» ЖК және Қазақстан Еріктілер Қоғамдық Лигасымен және полицейлермен бірлесе тұрмысы нашар отбасы тұратын орындарға рейд жүргізеді.
Бұл, негізінен ата-аналары спирттік ішімдік ішетін, балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне назар аудармайтын отбасылар. Мұндай рейдтердің мақсаты – ата-аналарын жаман әдеттерден «күштеп арылту» және балалардың өмірі үшін қауіпсіз жағдай тудыру. Өрттердің көбісіне әсіресе үлкендердің мас күйде шылым шегуі, электрсымдарының дұрыс еместігі, қолдан жасалған қыздыру құрылғылары әкеп соқтырады. Осындай рейдтер барысында ТЖ қызметкерлері отбасылармен түсініктеме жұмысын жүргізеді, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ұсыныстар береді, өрт қауіпсіздігі қағидалары мен шұғыл қызметтерді шақыру әдісі толықтай жазылған жаднама тапсырады.
ТЖ қызметкерлері, еріктілер және полицейлер барған ең бірінші мекенжай – Черняхов көшесі, мұнда бұрын спирттік ішімдік ішкен жас әйел тұрады. Полиция және қамқорлық органы қызметкерлері бұл тұрмысы нашар үйден балаларды алыпкете жаздаған еді, өйткені тұрмыс жағдайы кішкентайлар үшін қауіп төндірген болатын. Бүгінгі күні аналары дұрыс жолға түсіп, үйін тәртіпке келтіре бастаған болатын. Құтқарушылар пешті қолдану кезіндегі және электрсымдарындағы бұзушылықтарды байқап, нұсқаулық жүргізді және өрт қауіпті жағдайды қалай жөндеу керектігіне ұсыныстар берді. Жаднама беріп, жақын арада анықталған бұзушылықтардың қалай жойылып жатқандығын көруге келетіндіктерін жас әйелге айтты. Үй иесі барлығын жоямын деп серт берді.
Азаматтармен профилактикалық әңгімелесулерді біз тұрақты жүргіземіз. Алайда, өкінішке орай адамдар өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларына немқұрайлы қарауларын жалғастырады, сөйтіп тек өз өмірлері емес, айналасындағыларға, ең біріншіден балаларына қауіп төндіреді. Жыл басынан бері өрттерде 7 азамат, оның ішінде 2 бала қаза тапты», - деп айтты Өскемен қ.аласының ТЖБ баспасөз-хатшысы Марина Лискова. Статистика: тұрғын секторындағы өрттер себептері жылдан жылға қайталанатындығын көрсетеді – электрқұрылғысының техникалық қолдану ережесін бұзушылық, дұрыс емес электрсымдарын және қолдан жасалған электрқыздырғыш құралдарын қолдану, пештердің дұрыс еместігі. Бірақта ТЖ негізгі себептерінің бірі – бұл ішімдік және сөнбей қалған шылым». Құтқарушылар үшін балалар тұратын жерлердегі қауіпті жою ең маңыздысы
Әңгімелесуден кейін мамандар әрбір үйде ақпараттық парақша қалдырады, онда үйді қысқы мерзімге дайындау ережесі кезең-кезеңмен, сондай-ақ болған жағдай туралы үлкендер мен балалар хабарлай алатын, телефон номерлері және қалай шұғыл көмек алу керектігі жазылған.
«Мұндай үйлерде профилактика өте қажет. Біздің ең басты міндетіміз тұрмысы нашар отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар ата-анасының жолын қуып кетпеуі үшін түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Отбасылар инспекторлар профилактикалық рейд жүргізген кезде және тұрғындардың дабылын тексеру кезінде анықталады. Және де, хабарлама расталған болса – шыныменде балалар үшін дұрыс жағдай жасалмаса, азық-түліктері болмаса, ал тексеру кезінде кәмелетке толмағандардың ата-анасы мас күйде болса, онда отбасын есепке алады. Егерде ата-анасы естерін жиып, дұрыс өмір сүре бастаса, немесе сот шешімімен ата-ана құқығынан айрылса, онда отбасын профилактикалық бақылау тоқтатылады», - деп айтады учаскелік-инспектор Еңлік Қамалбекова.
«Мен мұндай рейдтерде құтқарушыларға көмек беру өте маңызды деп санаймын. Біз үшін бұл ауыр емес. Неғұрлым көп азаматтарға нұсқаулық берсек, соғұрлым өрттер аз болады, тіпті болмайды деп үміттенеміз», - деп ой бөлісті Өскемен қ. филиалы, Қазақстан Еріктілер Қоғамы Лигасының еріктісі Халбүбі Гожамбердиева.
ШҚОФ «Jas Otan» ЖК еріктілері мен ТЖ қызметкерлері тұрмысы нашар отбасылар бойынша рейд барысында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқаулық және профилактикалық әңгімелесу өткізеді. Үйлерін дұрыстауға шақырады. Өкінішке орай, бұл шаралар кейде тиімсіз болып жатады: көптеген адамдар тіпті мәселенің барлық маңыздылығын түсінбейді. Жыл басынан бері қалада 200 –ден астам өрт болды, ал бұл сандар өсуін жалғастыруда.
Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты