Каменка ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды

Каменка ауылдық округінде  өрт сөндіру бекеті ашылды

Ұлан ауданының әкімі Н.Сақтағановтың 2020 жылғы 3-ші қыркүйектегі №2 «Ұлан ауданы Каменка ауылы өрт постын құру туралы» шешіміне сәйкес Ұлан ауданы, Каменка ауылдық округі, Каменка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Аталған өрт сөндіру бекеті Газ 66  өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталды. Автокөлік Каменка ауылында орналасқан «Қайрат» шаруа қожалығының  көлік тұрақжайында өтеусіз орналасатын болады.

Өрт сөндіру бекеттерін құру мақсаты, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері келгенге дейін өрттерді шұғыл өшіруге ден қою болып табылады.

 

Ұлан ауданының ТЖБ