
"Протозановский" спорт кешенінде ҚР ТЖМ 30 жылдығына және "Наурыз мейрамын" мерекелеуге орай, ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері, ҚР ТЖМ 2 құтқару батальоны, М. Ғабдуллин атындағы АҚА курсанттары арасында жүзу бойынша жарыс өтті.
Жарысқа 20-дан астам жүзушілер қатысты.
Спортшылар 200 метр қашықтықты еркін стильде, 100 метрді жартылай финалдық және финалдық жүзумен еңсерулері қажет.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды- 2-ші құтқару батальонының аға маманы Владислав Троян жеңіп алды.
2 орынды -Өскемен қ. ТЖБ 5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Арғынбек Сахаба алды.
3 орынды - Өскемен қ. ТЖБ 6-ӨСБ ӨА жүргізуші-қызметкері Арман Уәлиев иеленді.
"ШҚО ТЖД қызметкерлері үшін спортпен шұғылдану міндетті болып табылады. Шұғыл қызмет мамандарын даярлауда жүзуге дәстүрлі түрде үлкен көңіл бөлінеді. Кәсіби құтқарушы кез келген жағдайда көмекке келуге дайын: адамды отқа оранған үйден шығару, апатқа ұшыраған көліктің ішінен босатып шығару, суға батып бара жатқан адамға қолын созу - бұл құтқарушы үшін қызметтік борыш", - деп ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өтті.