Бақыланылатын қар көшкінін түсіру жүргізілген жотамен қатар осы тұстан «Өскемен-Самар» тас жолы өтеді, онда көлік қозғалысы қарқынды. Осы жолдың 132-137 шақырымында орналасқан 3 қар жиналу шоғырларында алдын алу шаралары жүргізілді.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандарының есебі бойынша, жарылыс жұмыстары нәтижесінде түскен қар массасының көлемі 1850 текше метрді құрады.
ТЖД көктемнің қар көшкіні қаупі жоғары кезең екенін ескертеді. Тауда абай болыңыз!