Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар алты адамды қар құрсауынан құтқарды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар алты адамды қар құрсауынан құтқарды

Бүгін күндіз 112 пультіне Күршім ауданының Құйған ауылынан 5 шақырым жерде жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны және өз жолын жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 адамы бар үш автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

ТЖД жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.