Шығыс Қазақстанда мұз жару жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстанда мұз жару жұмыстары жалғасуда

Бір апта ішінде ШҚО Алтай ауданында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Мұнда Бұқтырма өзенінде кептеліске ұшыраған 5 учаскеде мұз бұзылды. Жүргізілген алдын алу жұмыстарының жалпы ауданы 81864 ш. м. құрады.

Қауіпсіздікті ШҚО ТЖД құтқарушылары жүзеге асырды.

Бұқтырма өзеніндегі мұздың жарылуы су тасқынына қарсы іс — шаралар кезеңдерінің бірі болып табылады. Жарылыс жұмыстарын жүргізу орындары мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін жерлердің көпжылдық бақылаулары мен мониторингіне сәйкес таңдалды.