ШҚО ТЖ Департаментінде ҚР БП ҚСжАЕЖК ШҚО бойынша Департаментінің талдау және өтініштерді бақылау бөлімінің бастығы Динара Тюлентаеваның және осы бөлімінің аға прокуроры Асель Калиеваның қатысуымен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі-ӘРПК) және “Е-Otinish” АЖ өтініштермен істеуде өзекті мәселелері бойынша оқыту семинар өткізілді. Семинар барысында ҚСж АЕЖКД қызметкерлері ӘРПК нормалары мен “Е-Otinish” АЖ жұмысында орын алған қателіктерді түсіндіріп, сондай-ақ ШҚО ТЖД қызметкерлерінің проблемалық сұрақтарына жауап берді. Бұл семинар алдағы уақытта кәсіби тәжірибені арттырумен қатар өтініштермен жұмыс істеу барысында кеткен кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.