600 орама шөп өртенді

600 орама шөп өртенді

Көбінесе дала өрттері отқа абайсызда қарау кінәсінен болады. Кеше Зайсан қаласындағы No25 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Біржан  ауылдық округінің «Сталинбаз» учаскесіндегі даланың өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Келіп жеткен өрт сөндірушілер 20 гектар дала мен шамамен 600 орама шабылған шөптің (шамамен 150 тонна) жанып кеткенін анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі бойынша мамандар отпен абайсыз болу болжамын пысықтауда. Өртті сөндіру үшін өрт сөндіру бөлімінен, жергілікті әкімшіліктен және орман шаруашылығынан 42 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшыларының естеріне салады:

- шөп сақтайтын жер жанғыш қалдықтардан тазартылуы керек, қоршалған немесе жақсырақ су көздерінің жанында орналасуы керек;

- тіректерден электр желісіне дейінгі арақашықтық 15 метрден, жолдарға кемінде 20 метрден аспауы керек, орамдар ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр қашықтықта орналастыру;

- тұрғын үйлердің жанындағы сарайлардың шатырларында шөп сақтауға, сондай-ақ өтпелер мен кіреберістерді жауып тастауға жол берілмейді.

- өрттің тұрғын үйлерге ауысуын болдырмау үшін елді мекендер мен оқшауланған қыстақтарды айнала жырту керек.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз және жұмысыңызға мұқият болыңыз!

Зайсан ауданының ТЖБ