«Құтқару» датчигін орнату

«Құтқару» датчигін орнату

Алтай ауданының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

04.09.20 ж. қызметкерлер Алтай ауданы бойынша 50 тұрғын үйлерге улы газ датчиктерін орнатты. Мұндай акция «Казцинк» ЖШС қолдауының арқасында іске асты. Улы газ датчиктері жалғыз басты қарт адамдар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйлерге орнатылды.

Тұрғындарға аспаптың жұмыс істеу принципі түсіндіріліп, сонымен қатар тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.

Жәнеде осындай хабарлағыштарды тұрғын үйлерге орнату жұмыстар әрі қарай жалғасады. Кезекте осындай құрылғыларды орнатуды қажет ететін, тағы 50 отбасы тұр.

Ал құтқарушылардың жұмысына қызығушылық танытқан тұрғындарға ТЖБ қызметкерлері: әсіресе пешпен жылытылатын  тұрғын үйлерде қыс мезгілінде өрт қаупі артады және өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, екендігін айтты. Осындай хабарлағыштарды орнату адамдарды өрттен және улы газбен уланудан қорғайды. Детектор шығарған қатты дыбыс ұйықтап жатқан адамдарды оятып, қайғылы жағдайдың алдын алады. Осы улы газ датчиктерінің арқасында, тұрғындар қыс мезгілінде пешті пайдалануда өздерін төтенше жағдайлардан барынша қорғайды.

Өткен демалыс күндері Алтай ауданының ТЖБ, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 3-МӨСБ, 19-ӨСБ, 20-ӨСБ және жергілікті атқарушы органдары мен полиция қызметкерлері бірлесіп ауыл тұрғындарымен кең ауқымды өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Рейдке қатысушылар әр үйде: электр сымдарының жай-күйін, тұрмыстық электр аспаптарының жарамдылығы мен дұрыс пайдаланылуын және жылыту пештерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қарады.

Кейбір үйлерде кішігірім ескертулер табылды – бір розеткаға қосылған бірнеше электр құралдары, пештегі кішкентай жарықтар. Осындай ескертулер табылған үй иелеріне қажетті ұсыныстар беріліп жәнеде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы қайғылы салдарға әкелуі мүмкіндігі түсіндірілді.

Алтай ауданының ТЖБ