Тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу

Тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу

Көкпекті  ауданының аумағында өткен демалыс күндері тамыз айынан бастап өрттердің шығуын алдын-алу, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында ауданның тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіле бастады.Құтқарушылар күнделікті тұрғын үй секторын аралап тұрғын үй иелеріне мен адамдарға өртттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үстінде.

Сонымен қатар үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін жастар ресурстық орталығының жас волонтерлары және арнайы дауыс зорайтқыш құрылғысы бар өрт сөндіру автокөлігі тартылды. Волонтерлар мен құтқарушылар Шұғылбай, Көкпекті, Тассай, Үлгілімалшы ауылдарының тұрғын үйлерін, қоғамдық орындарды  аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дауыс зорайтқыш құрылғысы арқылы өрт сөндіру көлігінен Көкпекті ауылының ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары айтылды. Осыған қоса көпбалалы отбасылардың үйлерінде 20 тарта улы газды анықтайтын хабарлағыш орнатылды.

Жылыту маусымы кезеңі басталғаннан кейін өрттердің көбі тұрғын үй секторында болады. Өрттің негізгі себептері көбінесе отпен абайсыз болу және электр жабдықтарын және жылыту пештерін орнату және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады. Азаматтар өз үйінің өрт қауіпсіздігіне аса мұқият және байыпты қарау қажеттілігі туындайды.

Ауданның өртке қарсы қызметі азаматтарға ескертеді:

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтаңыздар!

- қолдан жасалған және зақымдалған электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- ешқашан төсекте темекі тартпаңыз, осы себепті жиі өрт болады;

- газ құралдарын пайдалану кезінде абай болыңыз;

- пештер, газ плиталар және электр қыздырғыш аспаптарының маңында киім-кешектерді кептірмеңіз;

- электр сымдарының жағдайын қадағалаңыз;

- жылыту пештерін  ыстан және күйеден тазартыңыз;

- Балаларды  қараусыз қалдырмаңыз!

Бұл талаптарды сақтау Сізді және жақындарыңызды қайғыдан қорғайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке «101» телефоны бойынша (ұялы телефондардан – 101, 112) қоңырау шалыңыз.

 Көкпекті ауданының ТЖБ