Қар көшкінінің түсуі

Қар көшкінінің түсуі

Катонқарағай ауданында және жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» автожолының 16-шы шақырымында көлемі 250 текше метр қар көшкіні түсті.

Алтай ауданында республикалық маңызы бар «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатон-Қарағай - Рахманов кілті» а/ж алдын ала жабылған аумақта көлемі 120 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады.

ТЖМ азаматтарды таулы аудандарда сақтық шараларын сақтауға және тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін аталған маршрут бойынша жүруден бас тартуға шақырады.