ШҚО-да Суда құтқару бойынша көпсайыстык облыстық турнирі өтті

ШҚО-да Суда құтқару бойынша көпсайыстык   облыстық  турнирі өтті

Өскеменде әскерге  дейінгі жастар арасында суда-құтқару көп сайысы бойынша жетінші облыстық турнирі  өтті. 

"Жарыс судағы ТЖ алдын алуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өскелең ұрпақты оқытуға  бағытталған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД ЖКЖ басшысының орынбасары Серік Асылов.

Жарысқа әскери-патриоттық спорт клубтарының, 15 жастан 18 жасқа дейінгі жас құтқарушылар мектептерінің 60 тәрбиеленушілері  қатысты. Спорттық іс-шара қалалық бассейн базасында ТЖ қызметі қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің назарында өтті. 

Қатысушылар еркін стильде жүзу 25 қашықтығын жылдамдықпен жүріп, зардап шегушіні тасымалдауға, құтқару құралдарымен жүзуді еңсеруге және суға батып бара жатқан адамға сауатты көмек көрсету болды.

Қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орынды №34 мектеп-лицейінің оқушылар командасы, 2 орынды облыстық it - мектеп, 3 орынды Білім-инновация лицейі иеленді.

Құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізді.

Су-құтқару көпсайысына қатысушылар бір дауыспен: "Бұл спорт күрделі. Бұл таза жүзу дағдылары ғана емес, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару қабілеті де маңызды. Әрине, жаттығулар мен жарыстар адамды нақты құтқарудан алыс болса да, кенеттен бірдеңе бола қалған жағдайда , осы алған тәжірибелері  әлі де көмектеседі".