
Көктемнің басталуымен суқоймалардың бетіндегі мұздарға шығу әсіресе қауіпті болады. Мұздың еру процесі оның беріктігінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі және мұздың астына түсіп кету қаупі бірнеше есе артады.
Қауіптің басты себебі-мұздың біркелкі ерімеуі. Бір жағынан, күн сәулесі, жылы жел және температураның ауытқуы мұздың жұқаруына әкеледі. Мұз бір жерде жеткілікті қалың болып көрінсе де, бірнеше метрден кейін ол өте жұқа болуы мүмкін. Жер асты суы мен ағындар мұзды төменнен көтеріп, бос кеңістертер пайда болуына әкеледі және оның құрылымын әлсіретеді. Мұз кеуекті және жұқа болады. Мұндай мұз ескерту сықырлауынсыз опырылып құлайды-бұл көктемгі мұздың айлакерлігі.
Әсіресе қауіпті жерлер-бұл өзендердің сағалары, жағалау сызығының жанындағы кеңістік, қамыс қопалары, сондай-ақ бұлақ көздері ағатын жерлер.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік әрқашан бірінші орында болуы керек, мұзда серуендеудің күмәнді ләззаты үшін денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз.
Мұзға шығарда, «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес өзімен бірге ысқырық, құтқару кеудешесі, шильц, диаметрі кемінде 11 мм, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ болуы керек. Құтқару кеудешесінің және басқа қорғаныс құралдарының болуы суға құлаған жағдайда құтқару мүмкіндігін айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Егер сіз мұздың астына түсіп кетсеңіз, үрейленбеңіз, көмекке шақырыңыз. Мұздың шетіне жатуға тырысыңыз және кезекпен аяғыңызды мұздың бетіне шығарыңыз. Орныңыздан тұрмаңыз, жағаға қарай жорғалап немесе домалап жүріңіз.
Егер сіздің көз алдыңызда біреу мұз астына түсіп кетсе, етпетінен жатуыңыз керек, ақырын сырғып жәбірленушіге ұзын таяқ, арқан, белдік немесе шарф беріңіз.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары еріктілермен және полицейлермен бірлесіп 620-дан астам рейд жүргізді, тұрақты негізде нұсқамалар өткізіледі. Қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.