Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

«Қазселденқорғау» ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпараты бойынша қар жамылғысының тұрақсыздығымен  байланысты, 11 наурыздан 14 наурызға дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.  Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз.

Ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.