
112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Шығыс Қазақстан облысы , Марқакөл ауданы, Карой ауылынан жүкті әйелді тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Қолайсыз ауа-райына байланысты жедел жәрдем көлігіне жүру қиынға соққандықтан, ТЖД құтқарушылары фельдшерді ала отырып өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты.
Шақыру орнына жеткен құтқарушылар, болашақ ананы жолдың қауіпсіз бөлігінде күтіп тұрған жедел медициналық жәрдем бригадасына жеткізіп, дәрігерлерге аман-есен табыстады.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабарласыңыздар.