
Шығыс Қазақстан облысы «Марқакөл-Қарой» а/ж учаскесінің 20 шақырымында қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалды.
Құтқарушылар тез арада оқиға орнына барып, 2 адамды фермаға жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖД ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!