
Күршім ауданында Құйған ауылынан 5 шақырым жерде екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды.
Құтқарушылар жедел түрде жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жетіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауынан Күршім ауылына 4 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖД азаматтарды ауа райының қолайсыздығында шықпауға шақырады