
«Қазселденқорғау» ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпараты бойынша қар жамылғысының тұрақсыздығымен байланысты, 2025 жылдың 07 және 10 наурыз күндері аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз.
Ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.