Өз кәсібіңді мақтан тұтқан кезде

Өз кәсібіңді мақтан тұтқан кезде

Алтынай Аубакирова ШҚО ТЖД кадр және тәрбие жұмысы басқармасының кәсәби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы тобының бас мананы, 12 жыл қызметте. Ол өз мамандығын өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті қызметінен бастады және көптеген жылдар бойы өрт сөндірушілермен бірге өртпен күресу сферасында командада қызмет атқарды.

«Жеке үйдегі өрт кезінде адам қаза болғаны есімде.Өкінішке орай, олар бізге қызметке кеш хабарлаған,өрт бүкіл үйді шарпыған кезде. Бірақ адамдарды құтқарып қалу жағдайы көптеп болды, тіпті қиын жағдайлар болған кезде де біздің өрт сөндірушілер өз өмірлерін қатерге тігіп, азаматтарды құтқарды»- деп еске алды Алтынай. 

«Кадр қызметіне жұмысқа келгенде, ұзақ уақыт бойы өзгерістерге үйрендім, бірақ уақыт өте келе қызықты жұмысты игердім, сонымен қатар мен құтқарушылар мен және өрт сөндірушілермен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуді жалғастырамын. Жұмысқа қабылдауға қытысамын, полиграфиялық зерттеулер жүргіземін, қызметте зейнеткерліктерін рәсімдеуге құжаттама дайындаймын»,- деді Алтынай Аубакирова. 

Жұмыстан бос уақытында азаматтық қорғау аға лейтенанты Аубакирова отбасымен өткізеді, ашық ауада белсенді демалысты ұнатады және қазіргі уақытта сноудборд тебуді игеруде.  

Алтынайдың әкесі- Есенгелді қызының ең игілі қызметте жұмыс істейтінін мақтан тұтады, өйткені ол қызының ТЖМ саласына назар аудару идеясын ұсынған.

Алтынай өз жұмысы туралы айтқан кезде, ол жарқырап тұрғандай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін батырлардың қасында дәл осы мамандықты таңдауына қуанышты.