
Марина Цуканова ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағында кинолог болып қызмет етеді. Оның серіктесі – лабрадор Вильсон. Олар бірге 9 жыл қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Маринаны құтқару жасағына қызмет етуге әкелген негізгі себеп – оның иттерге деген махаббаты.
Құтқару кезінде жұмыстың қиындығынан кей кездері кинологтар мен иттерден адам өмірі тәуелді. Қираған ғимараттардың мыңдаған бөлшектері арасында іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде иттер зардап шеккендерді тезірек табады, сондай-ақ құтқарушыларға дұрыс жолды меңзейді.
Марина өзінің жұмысын өте жақсы көреді, оның үй жануарларымен қарым-қатынасы кәсібін таңдауға негіз болды десе де болады. Маринамен жақын сөйлескеннен бастап оның өмірі үй жануарларымен байланысты екенін білуге болады. Ол үй жануарлары туралы айтқанда жүзіне күлкі үйіріліп, мейірім танытады.
Марина Цуканова құтқарушы ғана емес, ол үш баланың анасы. Ол бәріне уақыт табады, балаларын да тәрбиелейді, үй жануарларын да тәрбиелеп үлгереді.
«Қыс мерімінде балалармен табиғатқа шығып шаңғы тепкенді жақсы көреміз. Өзімізбен бірге үй жануарларын да апарамыз. Иттерді жегіп балалар шана тебеді. Бұдан жақсы эмоциялар аламыз. Иттерге бұл физикалық жүк және жаттығу» - деді Марина.
«Мен өзімнің жақсы көретін ісіммен айналысамын, бұл ең бастысы. Аттестация кезінде үнемі тапсыратын нормативтер, ауыр рюкзактармен жүру, әр түрлі жиындар – менің жасақта жұмыс істеуіме ешқандай жаман әсер етпейді. Бұл жерде әйел немесе ер адам деген жоқ, біз құтқарушымыз!»- деп атап өтті Марина.
Қазір Марина мен Вильсонның командасында ақ швейцарлық овчарка пайда болды, төтенше жағдайлар кезінде көмек беруге тағы бір көмекшіге орталары толды.