Құқықтық семинар

Құқықтық семинар

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында актуальді құқықтық мәселелер бойынша ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен конструктивті диалог өтті.

Семинарға Департамент бастығының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаменті, Полиция департаменті, дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне, әкімшілік заңдылыққа, радикалды дін ағымдары идеологиясына қарсы іс-әрекеттер, отбасылық-тұрмыстық жағдайлардағы гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.  

Бұл семинар тәжірибемен алмасуға, біліктілікті арттыруға және қызметкерлер арасындағы кәсіби стандартты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.