ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

ШҚО-да қар көшкіні түсірілді

Тау беткейлері "Өскемен-Самар" тас жолында (132 - 137 км) қардан тазартылды. ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мамандары бұл өңірдегі ең жанданған және күрделі рельефтердің бірі екенін атап өтті. Сондықтан бүгін осол жерде  4  жарылыс жүргізілді. Барлығы 1330 текше метр қар түсірілді, осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Шығыс Қазақстан Республикадағы қар көшкіні қаупі бар өңірлердің бірі болып табылады. Қазселденқорғау облыстық филиалы қызмет көрсететін аумақта, қар көшкіні әрекет ету аймағында 93 шақырым автожол бар.

"Тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайымен танысу қажет. "112" қызметінің дауылды ескертулері кезінде қар көшкініне қауіп төндірмеу тәуекел етпей, қар көшкіні қауіпті маргруттарында болмау керек", - деп ескертті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев.

ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" филиалының ШҚ мамандарының деректері бойынша қар көшкіні негізінен қар көп жиналатын таулы аудандарда болады. Қар көшкінінің түсуіне ұзақ қар жаууы, қардың қарқынды еруі, ауа ортасының ауытқуы, шаңғышылардың қар беткейін кесіп тастауы, қатты айқайлау және беткейлерден сырғанау себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.