
Карантиндік шаралардың аяқталуына байланысты Бесқарағай а. 35-ӨСБ мен Бесқарағай ауданының ТЖБ жеке құрамымен Бесқарағай ауданының аумағында тұрғын секторында жылыту кезеңінде жылыту пешін қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірумен және түбіртектерді ұсынумен рейдтер басталды. Сонымен қатар рейд барысында ЖАО бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарындағы тұрғын үйлерде датчиктер орнатылуда. Рейдтер өрттердің пайда болу қаупі мен адамдардың өлімін төмендетуге бағытталған. Аталған жұмыс жалғастырылуда.
Бесқарағай ауданының ТЖБ