Жылыту маусымы

Жылыту маусымы

Статистика бойынша өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алады, сондықтан азаматтық қорғау органдары халықпен профилактикалық іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөледі.

Ағымдағы жылы 2020-2021 жж. жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар басталды, бұл жұмыстың мақсаты халық арасында өртке қарсы білімді, пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу, халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады.

Аулаларды және пәтерлерді аралау барысында өрт қауіпсіздігі саласында нұсқама жүргізіледі, бұл адамдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы сауаттылығын арттыруға, электр жабдықтарымен және жылыту жүйелерімен дұрыс жұмыс істеуге әкеледі. Сонымен қатар, мүгедектер, жалғыз басты аналар және жалғыз қарт адамдар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар сияқты тәуекел тобына кіретін тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 22 тамыздан бастап халықтың осал топтарының жататын үйлерді қоса 475 үй тексерілді, тексеру барысында 1652 астам азаматқа нұсқау берілді. Атқарылған жұмыстар Жарма ауданынң ПБ-мен және жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен бірлесе атқарылуда. Күнделікті аулаларды аралаумен қатар, сенбі және жексенбі күндері халықпен кең ауқымды үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылады. Халық арасында интернет-кеңістігі танымал екенің ескере отырып, әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда өрт қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыру практикасы жалғастырылуда. Жарма ауданының халықтың осал топтарының үйлеріне улы газды анықтау датчиктерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауданның барлық оқу орындарында балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алуға бағытталған өртке қарсы іс-шаралар кешені өткізіледі.

Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстардың мақсаты өрттер мен адамдардың оттан қаза болуының алдын алу!

        

Жарма ауданы ТЖБ