
ШҚО Шемонаиха ауданында Уба өзенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясында ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері "мұзды жару" операцияларын жүргізді.
Жоспарлы жарылыстар өзендер тарылатын немесе арналары күрт өзгеретін жерлерде күркіреді. Сонымен қатар, мұзды ұнтақтау жұмысы тіректерге қысымды төмендету үшін көпірлер аймағында жүргізілді.
Мұз бетін бөлшектеу арқылы мамандар мұз кептелістерінің пайда болуына жол бермеуде. Жұмыстың жалпы ауданы 10620 шаршы метрді құрады.