Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілуде

Өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысында мұз қабатын жасанды түрде әлсірету мақсатында өзендерде жарылыс жұмыстары басталды. Бүгін Шемонаихин ауданының, Үст-Уба поселкесіне жақын Уба өзенінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жетті. Жалпы ұсақтау көлемі 10 692 шаршы метрді құрады. бұл апатқа бейім ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды шара болып табылады.

Жарылыс жұмыстары мұзды жасанды түрде әлсіретуге бағытталған. Бұл тиімді шара су тасқыны маусымының теріс салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Мұзды ұсақтау шаралары мұз ағысының басталуына дейін жүргізіледі және су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.