ШҚО құтқарушылары шұғыл жағдайда іс-қимылдарын пысықтады

ШҚО құтқарушылары шұғыл жағдайда іс-қимылдарын пысықтады

ШҚО құтқарушылары Глубокое ауданындағы тау шаңғысы курортында ауқымды жаттығулар өткізді. Мұнда жыл бойы 3000-ға жуық азамат белсенді демалады.

Құтқарушылар алдында бір уақытта бірнеше төтенше жағдайды пысықтау міндеті тұрды.

Аңыз бойынша, электр желісінің қысқа тұйықталуы нәтижесінде қонақ үйде өрт пайда болды. Нысан әкімшілігі өртті анықтап, "112" қызметіне хабарлайды және демалушыларды эвакуациялайды. Оқиға орнына келген құтқарушылар барлау барысында түтін аймағында зардап шеккендерді тауып, оларды таза ауаға шығарды, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы реанимациялық іс-шаралар өткізді. ТЖД психологтары азаматтарға психологиялық көмек көрсетті. Өрт сөндірушілер өртпен күресіп, оны толығымен сөндірді.

Оқу-жаттығудың екінші кезеңі авариялық-құтқару жұмыстарын пысықтау.

Электр қуатының үзілуі салдарынан адамдар қалған аспалы жол тоқтап қалды. Көмекке келген құтқарушылар альпинистік дағдыларын қолданып, туристерге жетті, оларды медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсыра отырып, сақтық шараларын пайдалана сақтап, қауіпті аймақтан алып шықты.

Жаттығудың үшінші кезеңі-шаңғышыларды көшкін астынан құтқару кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау. ШҚО ТЖД қызметкерлерінен басқа ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері жұмылдырылды, олар ауыр қардың астында қалған зардап шеккендерді алып шықты. Өтімділігі жоғары техника, құтқарушылардың және Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің кәсіби, әрі жедел іс-қимылы мен үйлесімділігі қажет болды.