
Алғыс айту күні-игі істер күні, ол мұқтаж адамдарға көмектесу, достық қарым-қатынас жасау немесе қамқорлық жасау, бір-біріне көмектесуге ұмтылу деген әр түрлі әрекетте байқалады.
ШҚО ТЖД құтқарушылары, күн сайын азаматтардың өміріне қамқорлық жасайтынына қарамастан, олар Алғыс айту күні мерекесінде де өз жылулықтары мен қамқорлықтарын бере алады.
Әр түрлі аудандар мен қалалардағы ТЖ қызметінің қызметкерлері осы күні қарт, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барып, қар тазалап, үйдегі қиын жұмыстарды жасауға көмектесті, басқалары көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті, әкелері қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандар туралы ұмытпады. ТЖ қызметінің зейнеткерлеріне де барды.
Құтқарушылар өз үлгісімен ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттарына қамқорлық жасауды үлгі көрсетіп, олар да мейірімділік акциясына қатысты. Олар бірге су тасқыны қаупі бар аймақтағы үйдің аумағын тазартты және осылайша егде жастағы тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуға көмектесті.
Мұндай күні ең бастысы-назар мен қолдауды қажет ететіндердің жанында болу, - дейді құтқарушылар.