
Ұлан ауданы,Тарғын ауылы,Айтықов көшесі бойында тұрғын үй секторының ауласында шамамен 8 тонна шөптің жануы болды. Өрт орнына келген құтқарушылар өртті тоқтатты.
Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД азаматтардан отты пайдалану кезінде абай болуларын және өртке әкелетін қауіпсіздік талаптарын бұзбауларыңызды сұрайды.
Шөп сақталған орынның ауданы 150 шаршы метрден , сығылған шөп -500 шаршы метрден аспау керек.
Екі аралас алаңдар, шөптер қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 20 метрден кем болмау керек.
Өскемен қаласында, Абай даңғылында шаурма жасайтын дүңгіршек өртеніп кетті.
Шақырту орынына келген өрт сөндірушілер 18 ш.м. алаңда өртті тоқтатты.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
Өскемен қаласында, Краснознаменная көшесінде жеке үй өртенді. Жатын бөлмеде жиһаз, жеке заттар, терезе блоктары жанып тұрды.
Келген құтқарушылар 20 ш. м. алаңда өртті тоқтатты.
Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударуды, өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарға жол бермеуді сұрайды.
ШҚО Риддер қаласы Н.Курек көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
ТЖД қызметкерлері газ-түтіннен қорғау бөлімшесін құрып, түтінге оранған орын-жайға кіріп, 1972 жылы туған пәтер иесін таза ауаға шығарды.
Өрт сөндірушілер пәтердің жатын бөлмесін шарпыған өртті 16 шаршы метр алаңда ауыздықтады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы қараған ер адам ауруханаға жатқызуды қажет еткен жоқ.
ТЖД азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, жағдайдың өртке дейін жетуіне жол бермеуді сұрайды.