Тұрғын үй секторында алдын-алу жұмыстары қарқынды түрде басталды

Тұрғын үй секторында алдын-алу жұмыстары  қарқынды түрде басталды

ҚР ІІМ ТЖК 2020 жылғы 27.07 нұсқауы және өрттердің алдын алу, адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған Жоспар негізінде Семей қаласында тұрғын үй секторындағы алдын-алу жұмыстары жалғасын табуда. Осыған байланысты аталған Жоспар негізінде 2020 жылдың 02.09 Семей қаласы ТЖБ және «ӨСжАҚЖ» ММ Семей қаласы Жасағы қызметкерлері «Ана мен бала» ұйымының, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Восточный», «Бобровка» кенттерінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар тұрмыс жағдайы төмен отбысыларының үйлерін комиссиялық түрде аралау жұмыстары жүргізілді.

         Алдын-алу жұмыстарын жүргізу барысында тұрмыс жағдайы төмен отбысыларының үйлерінің өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар, бұрын орналастырылған газоанализаторлардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Аталған приборлары жоқ тұрғын үйлерде орналастырылды.

 Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар жүргізіліп, аталған тақырыптағы жаднамал табысталды.

         Көрсетілген жұмыстар от жағу мезгілі аяқталғанша жүргізілмек.

 

Семей қаласы ТЖБ АҚСҚҚАжБТ С. О. Торайғырова